2020 ж. қаңтар айының 29-30 күндері Жетісай ауданы, №15 колледжінің базасында техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарының тігінші мамандығы бойынша арнайы пән оқытушыларының және шеберлердің қатысуымен «Тігінші мамандығы бойынша нарықтық бәсекеге қабiлеттілікті қалыптастыру» тақырыбындағы дөңгелек үстел өткізілді.


Мақсаты: еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауға бағытталған оқыту мазмұнын, әдіс түрлерін және тәжірибелік жолдарын айқындау. Студенттердің бойында мамандыққа қызығушылығын арттыру, іскерлік және кәсіпкерлік дағдыларын қалыптастыру үшін қажет оқытушы-педагогтердің құзыреттіліктерін шыңдау.