№ Атауы Жүктеу
1 Даму жоспары   

 

«Кәсіптен – кәсіби маманға дейін»
№15 колледжде Еңбек күніне орай білім алушылар мен түрлі салада еңбек етіп жүрген кәсіп иелерінің қатысуымен «Кәсіптен – кәсіби маманға дейін» атты тағылымды кездесу өтті.
Кездесудің басты мақсаты – жастарға еңбек адамының еңбегін дәріптеу, мамандық таңдаудың маңызын түсіндіру, кәсіби дамуға деген қызығушылығын арттыру және нақты еңбек жолы арқылы тәжірибе бөлісу.
Кездесуге өз саласында кәсіби тәжірибесі қалыптасқан еңбек адамдары арнайы шақырылды:
Кадиров Шымкентбай Канатбекович – жылу жүйелері бойынша маман;
Әсілтай Жанар Ержанқызы – аспазшы;
Жунисов Калдыбек Атенович – автомобиль жөндеу саласының маманы;
Калымбетова Назира – тігінші;
Бердешов Нұрпухар Маликович – ауыл шаруашылығы саласының маманы;
Бакбергенов Есімхан – дәнекерлеуші.
Қонақтар өздерінің еңбек жолдары туралы айтып, мамандыққа алғашқы қадамнан бастап кәсіби шеберлікке дейінгі тәжірибелерімен бөлісті. Олар еңбек жолында кездескен қиындықтар, оларды еңсеру жолдары және кәсіби маман үшін маңызды білім мен дағдылар жөнінде құнды кеңестер берді.
Кездесудің ашық сұхбат бөлімінде білім алушылар қонақтарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, еңбек жолы, мамандықтың қыр-сыры және жас маманға қажетті қасиеттер туралы еркін пікір алмасты.
Кездесу барысында бір маңызды ой айқын көрінді: кәсіпті таңдау – алғашқы қадам болса, оны кәсіби деңгейге жеткізу үшін білім, еңбек, тәжірибе және табандылық қажет.
Еңбек жолындағы тәжірибелерімен бөлісіп, жастарға бағыт-бағдар берген барша қонақтарға алғыс білдіреміз!
Еңбек – елдің қуаты, кәсіп – болашақтың бастауы!