Салауатты өмір салты – денсаулық кепілі!
Түркістан білім басқармасының №15 колледжі МКҚК білім алушылары арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа деген қызығушылықты арттыру, шымырлық пен командалық рухты қалыптастыру мақсатында волейболдан жолдастық кездесу жарысы ұйымдастырылды.
Жарысқа жалпы 8 команда қатысып, білім алушылар өздерінің спорттық шеберліктерін, ұйымшылдығы мен жеңіске деген жігерін көрсетті. Әр команда тартысты ойын көрсетіп, жарыс жоғары көңіл-күйде өтті.
Жарыс нәтижесі:
I орын – АКЭ 24-93 тобы;
II орын – АрТ 26-121 тобы;
III орын – АКЭ 25-105 және ТКШ 26-117 топтары.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз! Әр қатысушыға белсенділігі мен спортқа деген ынтасы үшін алғыс білдіреміз!
Жарысты ұйымдастырып, білім алушылардың спорттық белсенділігін арттыруға үлес қосқан:
дене тәрбиесі нұсқаушысы – Б. Жұмат;
дене шынықтыру пәнінің оқытушылары – Ж. Молдаханов, Қ. Егизбаев, М. Жұмаділлә.
Ұйымдастырушыларға еңбектері мен қолдауы үшін алғыс білдіреміз!
Спорт – денсаулықтың негізі, сергек өмірдің кепілі!
Салауатты ұрпақ – ел болашағы!
https://15kolledzh.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/217-salauatty-mir-salty-densauly-kepili.html#sigFreeId8df593a57e













