№ Атауы Жүктеу
1 Даму жоспары   

 

Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық обьектілерінің инженерлік жүйелерін монтаждау және пайдалану» мамандығының білім алушылары өндірісте

Бүгін №15 колледждің ТКШ (тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық) мамандығында білім алушылардың кәсіби бағыттағы танымдық экскурсиясы ұйымдастырылды.

Білім алушылар индустриалды аймақта орналасқан «Алтын күн» ЖШС инженерлік жүйелерге арналған құбырлар шығаратын өндіріс орнына барып, заманауи өндірістің тыныс-тіршілігімен танысты.

Экскурсия барысында студенттер құбыр өндіру технологиясы, өндірістік үдерістер, инженерлік жүйелерде қолданылатын материалдар мен заманауи құрал-жабдықтардың жұмысымен танысып, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік алды.

Сонымен қатар білім алушылар «Актөре» ЖК құрылыс компаниясының жұмыс барысымен танысып, құрылыс саласындағы кәсіби бағыттар мен еңбек үдерісі жөнінде мағлұмат алды.

Басшысы: Б. Актуреев

Экскурсия жетекшілері:

  • Б. Танжаров
  • Қ. Төлепов
  • О. Анарбай

Мұндай өндірістік экскурсиялар — білім алушылардың кәсіби қызығушылығын арттырып, таңдаған мамандығының қыр-сырын тәжірибе жүзінде тануына жол ашатын маңызды мүмкіндік.

Теория - білім болса, өндіріс - сол білімді шыңдайтын орта!!!