14.09.2026 ж. «Өндірістегі 10 күн» акциясы аясында №15 колледж МКҚК-нің «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығында білім алушылары Асықата елді мекенінде орналасқан «Хан сервис» автокөліктерге техникалық қызмет көрсету орнына барды.
Өндірістік экскурсия барысында білім алушылар автокөліктерге техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстарының ұйымдастырылу барысымен танысып, мамандардың күнделікті жұмысын бақылауға мүмкіндік алды.
Студенттер автокөліктің техникалық жағдайын тексеру, ақауларды анықтау, қажетті жөндеу жұмыстарын жүргізу және техникалық қызмет көрсетудің маңыздылығы туралы тәжірибелік ақпарат алды.
Теория-білім береді, ал өндірістегі тәжірибе - сол білімді шеберлікке айналдырады!
Осындай кездесулер білім алушылардың кәсіби қызығушылығын арттырып қана қоймай, таңдаған мамандығының жауапкершілігі мен маңызын терең түсінуге мүмкіндік береді.
Колледж бен жұмыс берушілер арасындағы өзара байланыс-заманауи талаптарға сай, бәсекеге қабілетті және білікті маман даярлаудың маңызды негізі.
Бүгін-өндірісте үйренеміз,
ертең-кәсіби маман болып еңбек етеміз!
«Өндірістегі 10 күн»- білім мен тәжірибені тоғыстырған тағылымды жоба!
View the embedded image gallery online at:
https://15kolledzh.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/215-ndiristegi-7-k-n-bolasha-avtoelektrikter-ndiriste.html#sigFreeId5e8697505c
https://15kolledzh.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/215-ndiristegi-7-k-n-bolasha-avtoelektrikter-ndiriste.html#sigFreeId5e8697505c













