2026 жылғы 4 қыркүйекте №15 колледжде педагогтер мен ұжым қызметкерлеріне арналған «Сенімді дос – балалар арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алудағы білім беру ұйымдары қызметкерлерінің рөлі» тақырыбында ақпараттық семинар өткізілді.
Семинарды колледждің педагог-психологы Мустаева Айнур өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылардың психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, суицидтік мінез-құлықтың алдын алу бағытында педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыру және қауіп белгілерін дер кезінде анықтау дағдыларын қалыптастыру.
Семинар барысында:
балалар мен жасөспірімдердегі эмоционалдық жайсыздық пен психологиялық қауіп белгілерін ерте анықтау;
қиын жағдайға тап болған білім алушымен дұрыс қарым-қатынас орнату;
қауіп анықталған жағдайда әрекет ету алгоритмін сақтау;
білім алушыға психологиялық қолдау көрсету;
қажет болған жағдайда тиісті мамандарға уақытылы жүгіну және ақпараттандыру тәртібі қарастырылды.
Семинар барысында педагогтерге баланың эмоционалдық жағдайына мұқият назар аудару, оның мінез-құлқындағы өзгерістерді дер кезінде байқап, қажетті психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсету маңызды екені түсіндірілді.
Білім беру ұйымдарындағы психологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – педагогтер, ата-аналар және мамандардың өзара бірлескен жұмысының маңызды бағыты.
Баланың қауіпсіздігі – баршаға ортақ жауапкершілік.
View the embedded image gallery online at:
https://15kolledzh.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/214-senimdi-dos-bala-auipsizdigin-oldau.html#sigFreeIdfcbe5d4512
https://15kolledzh.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/214-senimdi-dos-bala-auipsizdigin-oldau.html#sigFreeIdfcbe5d4512













