№ Атауы Жүктеу
1 Даму жоспары   

 

11.09.2026 ж. «Өндірістегі 10 күн» акциясы аясында №15 колледж МКҚК «Дәнекерлеу ісі» мамандығының білім алушылары Асықата кентінде орналасқан Индустриалды аймақтағы өндіріс орындарына барып, кәсіби бағыттағы танымдық экскурсиядан өтті.
 
Болашақ дәнекерлеушілер “KAZ SAPA” компаниясы мен «Корпорация Ақ-Алтын» ЖШС өндіріс орындарының жұмысымен танысып, дәнекерлеу саласындағы өндірістік үдерістердің ұйымдастырылуын көрді.
 
7-деңгейлі дәнекерлеуші Юлдашев Х. білім алушыларға өндірістегі жұмыс барысын таныстырып, кәсіби шеберліктің қыр-сырын көрсетті.
 
Экскурсия барысында білім алушылар өндірістік жабдықтардың жұмысымен, дәнекерлеу жұмыстарының ерекшеліктерімен және еңбек қауіпсіздігі талаптарымен танысты.
 
Өндіріс орнындағы тәжірибелік танысу студенттердің теориялық білімін нақты жұмыс үдерісімен байланыстырып, таңдаған мамандығына деген қызығушылығын арттыра түсті.
 
Іс-шараға арнайы пән оқытушылары М.Сахов, Қ.Төлепов және Б.Әсілбек жетекшілік етті.
 
ДӘНЕКЕРЛЕУ - ДӘЛДІК ПЕН ШЕБЕРЛІКТІ ТАЛАП ЕТЕТІН КӘСІП!