№ Атауы Жүктеу
1 Даму жоспары   

 

 10.09.2026 ж. «Өндірістегі 10 күн» акциясының үшінші күні аясында №15 колледж МКҚК «Ауыл шаруашылығын механикаландыру»мамандығының білім алушылары Асықата кентінде орналасқан «Корпорация Ақ-Алтын» ЖШС өндіріс орнына барды.

Танымдық іс-шара барысында білім алушылар ауыл шаруашылығы саласындағы өндірістік үдерістермен, заманауи техника мен технологиялардың қолданылу ерекшеліктерімен танысты. Сонымен қатар, болашақ мамандар өндірістегі еңбек тәртібі мен кәсіби қызметтің қыр-сырын тәжірибе жүзінде көріп, өз мамандықтарына қатысты маңызды ақпараттар алды.
 
Білім алушыларға арнайы пән оқытушылары
Н. Әсілтай және М. Аманов жетекшілік етті.
 
Өндіріс орындарына ұйымдастырылатын осындай танымдық кездесулер білім алушылардың теориялық білімін тәжірибемен ұштастырып, кәсіби құзыреттілігін арттыруға және болашақ мамандығына деген қызығушылығын қалыптастыруға мүмкіндік береді.