№ Атауы Жүктеу
1 Даму жоспары   

 

09.09.2026 ж.
«Өндірістегі 10 күндік акция» аясында №15 колледж МКҚК-нің «Тігін өндірісі және киімдерді модельдеу» мамандығында білім алушыларының өндірістік орындармен танысу іс-шарасы ұйымдастырылды.
 
Акцияның екінші күні білім алушылар Асықата кентінде орналасқан «Төрегелді ата» орталығындағы тігін цехына барып, өндірістік үдерістің ұйымдастырылуымен, тігін өндірісінің жұмыс бағыттарымен және кәсіби қызмет ерекшеліктерімен танысты.
 
“ИП Айгерим” ұжымы тарапынан білім алушыларға тігін өндірісіндегі жұмыс барысы туралы ақпарат беріліп, өндірістік ортадағы еңбек тәртібі мен кәсіби дағдылардың маңыздылығы түсіндірілді.
 
Іс-шараның негізгі мақсаты - білім алушылардың теориялық білімін өндірістік тәжірибемен ұштастыру, кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру, жұмысшы мамандықтарға қызығушылығын арттыру және еңбек нарығына қажетті кәсіби мамандар даярлауға ықпал ету.
 
Іс-шараға жетекшілік еткен арнайы пән оқытушылары: И. Жунисова, Н. Журкабаева және А. Тұрсынбай.
 
ӨНДІРІС - КӘСІБИ ШЕБЕРЛІКТІҢ ШЫҢДАЛАТЫН ОРТАСЫ. АЛ ТӘЖІРИБЕ - БОЛАШАҚ МАМАННЫҢ КӘСІБИ ҚАЛЫПТАСУЫНА БАСТАР МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ.