08.09.2026 ж. №15 колледж МКҚК білім алушылары “Өндірістегі 10 күн” акциясы аясында өндірістік кәсіпорындармен танысу мақсатында тәжірибелік бағыттағы танымдық іс-шараға қатысты.Арнайы пән оқытушылары А.Маханбет пен А.Джусипованың жетекшілігімен “Тамақтандыруды ұйымдастыру” мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттер Асықата кентінде орналасқан “Нирвана” мейрамханасына барып, мейрамхананың тыныс-тіршілігімен және күнделікті жұмыс барысымен танысып қайтты.Білім алушылар өндірістегі нақты жұмыс үдерістерін бақылап, аспазшы мамандығына қажетті кәсіби дағдыларды, заманауи құрал-жабдықтар мен технологияларды, еңбек жағдайларын және жұмыс берушілердің маманға қоятын талаптарын зерделеді.Мұндай кездесулер студенттердің теориялық білімін тәжірибемен ұштастырып, таңдаған мамандығына деген қызығушылығын арттыруға, кәсіби шеберлігін қалыптастыруға және болашақ жұмыс ортасына бейімделуіне мүмкіндік береді.“Өндірістегі 10 күн” - білім мен өндірісті байланыстырып, білікті маман даярлауға бағытталған маңызды жоба!Болашақ мамандарға сәттілік, кәсіби ізденіс пен толағай табыс тілейміз!
View the embedded image gallery online at:
https://15kolledzh.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/210-ndiristegi-10-k-n-aktsiyasy-bastaldy.html#sigFreeIdc70fb235e5













