№15 КОЛЛЕДЖ МКҚК-ДА ДЕМОНСТРАЦИЯЛЫҚ ЕМТИХАН СӘТТІ ӨТТІ
2026 жылғы 23-24 маусым күндері бітіруші түлектердің кәсіби біліктілігін бағалауға арналған демонстрациялық емтихан өткізілді.
‍ «Аспаз ісі» және «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу» құзыреттіліктері бойынша ұйымдастырылған емтихан студенттердің теориялық білімін тәжірибемен ұштастырып, мамандыққа деген дайындығын айқындады.
️ Емтиханның жоғары деңгейде өтуіне бөлімше меңгерушісі М. Әуезов тарапынан қажетті құрал-жабдықтар мен материалдар толық қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуы басты назарда болды.
‍ Емтихан қорытындысы бойынша:
️ «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығынан - 10 студент;
«Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығынан - 16 студент өздерінің кәсіби даярлықтарын сәтті дәлелдеп, Skills Passport иегері атанды.
Студенттердің жұмыстарын колледж директоры Е.С. Нұрхановтың бұйрығымен бекітілген сарапшылар бағалады. Сондай-ақ, сарапшылар құрамында:
️ Б. Садиров
️ К. Жүнісов
️ А. Сабырқұлов
️ Қ. Құлмырзаев
️ Т. Бижанов
️ А. Испанова
️ Н. Жалғасбай
️ А. Маханбет
️ А. Джусипова болып, бағалау халықаралық CIS жүйесі арқылы жүргізілді.
Демонстрациялық емтихан нәтижесі студенттердің кәсіби құзыреттерінің жоғары деңгейде қалыптасқанын көрсетіп, олардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті маман екенін дәлелдеді.
Барлық түлектерімізді маңызды белестен сүрінбей өтіп, кәсіби біліктіліктерін сәтті дәлелдегендерімен құттықтаймыз!