ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ
№15 колледж МКҚК және Узбекистан Республикасы, Жиззақ облысы, Бахмал ауданы, Жоғары білім, ғылым және инновациялар министрлігі, №1 Политехникум колледжі директоры Ф.Бободустов, Гагарин қаласындағы №1 Политехникум директоры З.Умирзакова, Мирзачул ауданы, Политехникум колледжі директоры М.Мирзаев жоғары білім саласында ортақ мақсаттарының болуына байланысты ынтымақтастық жүргізу туралы келісім-шарттар жасасты.
Сондай-ақ, оқу ордамыздың материалдық - техникалық базасының тыныс-тіршілігімен танысу барысында, теориялық және практикалық дәріс кабинеттерді, шеберханаларды аралап, студенттердің стандартқа сай ордада білім алып жатқанына қызығушылықтарын білдіріп жатты.
Меморандумның басты мақсаты - білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамыту, тәжірибе алмасу, практикадан өту, білім алушылардың тағылымдамадан өту болып табылады.
Меморандумның басты міндеті - тараптардың екіжақты ынтымақтастықты ілгерілету жөніндегі ниеттерін, сондай-ақ өзара іс-қимылдың бағыттары мен нысандарын айқындау болып табылады.