23 СӘУІР - ҰЛТТЫҚ КІТАП КҮНІ
Үкімет Қаулысымен Қазақстанда жаңа мереке "23 сәуір – Ұлттық кітап күні" болып бекітілген болатын. Аталмыш мереке Мемлекет басшысының қоғамда оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында үшінші Ұлттық құрылтайдың негізгі сессиясында берген тапсырмасына байланысты белгіленлі.
"Кітапқұмарлық – жақсы қасиет. Көптеген мемлекет Ұлттық кітап күнін атап өтеді. Біз, ең алдымен, жастарды кітап оқуға баулуымыз керек. Сонда жаппай кітап оқитын ұлтқа айналамыз", – деген Президент Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында сөйлеген сөзін назарға ала отырып, кітапханашы М.Доспанбетова Асықата аймақтық филиал кітапханасының оқу залына колледж білімалушыларымен ұйымдастырылған, халқаралық деңгейдегі айтыскер ақын, Республикалық ақындар айтысының лауреаты, өңіріміздің ақын, сазгері - Мұхтар Құраловтың шығармашылығына арналған «Сөз өнеріндегі өлкетану» атты әдеби шығармашылыққа толы кездесу кешіне барды.
Сондай-ақ, шығармашылыққа толы кеш барысында ақынның өмір және шығармашылығы жайлы кеңінен мағлұмат берілді. Өлкетану бағытындағы әдебиеттердің оқылымын арттырып, автордың көпке беймәлім қырларын таныту мақсатында баяндама оқылды. Кеш соңы білімалушылар және көпшілік оқырман ақынмен еркін форматта сұрақ-жауап алмасып, кеш соңында ақын «Пейілімді алма құдайым» атты өлеңімен бөліскен уақытының куәгері болды. Әдеби шығармашылыққа толы кеш білім алушыларымызға кітапұа деген сүйіспеншілігін арттырып, көпшілік оқырманға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.