«WORLDSKILLS TURKІSTAN - 2025» КІСІБИ ШЕБЕРЛІК БАЙҚАУЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
Бүгінде, Жұмысшы мамандықтар жылы" қарсаңында, техникалық және кәсіптік білім беру сапасын арттыру – мемлекет алға қойып отырған басты мақсаттың бірі. Облыс орталығы Түркістанда "WordSkills Turkistan - 2025" кәсіби шеберліктің облыстық чемпионаты 21 - 25 мамыр аралығында өткен болатын. Облыстық чемпионат техникалық, құрылыс, ауыл шаруашылығы, туризм, қызмет көрсету, көлік, білім беру, денсаулық сақтау, тамақтандыруды ұйымдастыру секілді 36 құзіреттіліктен 317 студент қатысып, 314 сарапшы, 36 бас сарапшы бағалады.
№15 колледж МКҚК-ны 7 құзіреттілік бойынша қатысты. Сайыс барысында қатысушылардың біліктілігі бірнеше бағыт бойынша анықталды.
«Тігінші»мамандығының мәртебесін арттыру және дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған шараға облыстың әр өңірінен 20 колледжден 20 студент техникалық сипаттамаға сәйкес, 3 күн, 4 модуль бойынша бақ сынасты.
«Сән технологиясы» құзіреттілігі бойынша жетекшісі Жунисова Индира Утепбергеновна, білім алушысы Әліқұл Динара Джалгазқызы қатысып, нәтижелі ІІ орынды иеленді.
«Автокөлікті жөндеу және техникалық қызмет көрсету» мамандығының мәртебесін арттыру және дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған шараға облыстың әр өңірінен 23 колледжден 22 студент техникалық сипаттамаға сәйкес, 3 күн, 4 модуль бойынша бақ сынасты.
«Автокөлікті жөндеу және техникалық қызмет көрсету» құзіреттілігі бойынша жетекшісі Намазбай Айнабек Әмірханұлы, білім алушысы Асыл Бағдат Бекзатұлы ІІІ орынды иеленіп, дәрежелі дипломдар және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Жеңіспен оралған шебер ұстаздарымыз бен "Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар" деп танылған студенттерімізді жүлделі орындарымен шын жүректен құттықтаймыз!!! Алар асуларыңыз, шығар шыңдарыңыз, бағындырар белестеріеіз биік болсын!!!
View the embedded image gallery online at:
https://15kolledzh.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/202-worldskills-turkistan-2025.html#sigFreeId30bd5db889
https://15kolledzh.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/202-worldskills-turkistan-2025.html#sigFreeId30bd5db889













