Түркістан Облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен «Біртұтас тәрбие бағдарламасының «Шабыт» жобасы аясында өткізген облыстық «Жас сарбаз» слёты Мақтаарал аграрлық колледж базасында өтті. Сондай-ақ, облыс төңірегінде ауқымды өткізілген іс - шараға 19 колледждің әскери патриоттық клубтары қатысты. 15 колледж МКҚК - ның АӘжТД пәні оқытушысы У.Муратовтың жетекшілігімен колледж білім алушыларынан құралған "Жас шекарашы" клубы қатысып, өздерін жоғарғы нәтижеде үздік көрсеткені үшін "Ең үздік ролик" номинациясымен марапатталды.
Мақсаты: Өскелең ұрпақты жоғары азаматтық белсенділікпен патриотизмге тәрбиелеу, жеке тұлғаның отан алдындағы жауапкершілік сезімін қалыптастыру.
https://15kolledzh.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/190-zhas-shekarashy-kluby-marapattaldy.html#sigFreeId6b0d09423c













