11.11.2024 ж. №15 колледж МКҚК мекемесінде «Арнайы пәндер» бірлестігінің ашылу салтанатынвң жиыны оң қолдарынан өнер тамған бірлестік мүшелерінің көрмесінен бастау алды. Салтанатты жиынды колледж директоры Е.С.Нурханов бірлестікке өзінің жылы лебізін білдіріп, алдағы апталықтықтан күтілетін нәтижелерге сәттілік тіледі. Сондай-ақ, жиын барысында арнайы пәндер мамандығының маңыздылығын атап өтіп, олардың білім алушыларға беретін мүмкіндіктері туралы қысқаша мәлімет беріп өтті. Жалғасын тапқан жиында сөздің кезегі, бірлестік жетекшісі И.Жунисова алдағы он күнде "Арнайы пәндер" бірлестігінің жоспары бойынша әр түрлі іс-шаралар, көрмелер, шебер сыныптар, викториналар және байқаулар өтетінін хабарлады. Осы бір керемет мүмкіндікті пайдалана отырып, әрбір білім алушыға бұл кезеңде өздерін түрлі салаларда көрсетіп, ерекше идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретінін айтты.
Атаулы іс-шара тек білім алушылардың ғана емес, ұстаздардың да шығармашылық ізденісіне жаңа серпін беріп, арнайы пәндер бірлестігінің маңыздылығын көрсететін игі бастама екенін барша қонақтарға жеткізе білді.
Арнайы білім беретін пәндер – тек білімді ғана емес, заманауи кәсіби дағдыларды дамытуға ықпал ететін, тұлғаның жан-жақты дамуын қамтамасыз ететін маңызды бағыттардың бірі. Мақсаты: Әрбір білім алушының ерекше қабілеттерін ашу, білімге деген ынтасын ояту, болашақта өзін табысты сезінетін азамат болып қалыптасуына үлес қосу.
https://15kolledzh.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/189-arnajy-p-nder-birlestigini-aptaly-ashyluy.html#sigFreeId6cd920d852













