МКҚК 15 колледжімізде 09.10.2024ж «Жастар ресурстарының орталығы» және «Жастар денсаулығы және АИТВ инфекциясын алдын алу» ұйымының дәрігер-эпидемиологымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесудің мақсаты: жас ұрпаққа «Қазақстан - 2030» бағдарламасының басты міндеттерінің бірі - салауатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттау, адам денсаулығының құндылығын түсіндіру, оның өмір сүру үшін қажетті әрі бағалы байлық екенін ұғындыру. Кездесу барысында АИТВ/ЖИТС инфекциясының пайда болу себептері, жұғу жолдары, алдын алу және сақтану шаралары туралы түсіндірме жұмысы жүргізілді, сондай-ақ облыс пен аудан бойынша індеттік ахуал жайлы ақпарат берілді.