№15 колледж МКҚК арнайы пән оқытушыларының ұйымдастыруымен колледжішілік «Үздік аспазшы-2024» байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты: Тамақтандыруды ұйымдастыру мамандығына білім алушыларды қызықтыру.
Аталған мамандық бойынша білім алушылардың тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасау және өз мамандық бойынша білім алатын білім алушылар арасында үздіктерді анықтау.
Сондай-ақ, алдағы уақытта өткізілетін «WorldSkills Turkistan -2025» чемпионатына қатысушыларды іріктеу.
Білім алушылар 2 модуль бойынша байқауда бақ сынасты.
1-модуль. Дәнді дақылдардан крем көже дайындау.
2-модуль. Қытырлақ баялдыдан жасалған салат дайындау.
Аталған байқауға ТҰ 24-101, ТҰ 24-102, ТҰ 23-82 топтары бойынша жалпы 6 студент қатысып, өздеріне берілген тапсырмаларды уақытылы орындап, білім деңгейін жан-жақты көрсетуге күш салды.
Байқауда сарапшылар тобы төрелік жасап, әділ бағаларын берді.
Байқаудың нәтижесінде, өзін шебер етіп көрсеткен ТҰ 24-102 топ білім алушысы Ахметова Маржан Аюбханқызы 🥇орынды иеленді.
Жеңімпаз үздік аспазшылардың барлығы директордың I, II, III-дәрежелі дипломымен, алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.