Түркістан облысының білім басқарамасының «№15 колледж» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны «Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша арнайы пән оқытушысын қабылдауға конкурстық комиссия отырысы болып өтті. Конкурстық комиссияға бір үміткердің құжаты ұсынылды. Комиссия үміткердің талапқа сай тапсырылған құжаттарын қарап шығып, өзара ұсыныстарын білдірді.

Үміткер Саков Мухтардың негізгі мамандығы талапқа сай келетінін, өз мамандығы бойынша жұмыстар жасағанын тыңдап, жұмысқа қабылданса, алған білімімен білім алушыларға жақсы білім беретінін айтты.

Комиссия мүшелері үміткердің өндірістен келіп тұрғанын ескере келе, құжаттары талапқа сай екендігін айтып, колледжден білікті мамандарды даярлап шығатынына сенім білдіріп, Саков Мухтар Иматаевичті жұмысқа қабылдауға ұсынды.