Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2018 жылдың 12 қазандағы "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру кадрларды даярлау мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру және бөлу қағидалары" №568 бұйрығына сәйкес «№15 колледж» МКҚК - на арнайы пән оқытушысын тағайындау конкурсы өтті. Конкурс өту уақыты алдын ала жарияланып, конкурсқа өтініштер қабылданды. Конкурсқа қатысушы үміткерлер арасында арнайы құрылған комиссия мүшелерімен әңгімелесу өткізілді. Әңгімелесу барысында үміткерлерге педагогика, психология, білім саласында нормативтік - құқықтық актілерге және мамандық бойынша қойылған сұрақтарға жан - жақты жауап беріп, өз ойларын білдірді. Конкурсқа екі үміткер қатысып, нәтижесінде Маханбет Абдусаттар Ерболатұлы оңтайлы жауап берді. Үміткеріміздің тұжырымды жауаптарына қанағаттанған комиссия мүшелері арнайы пән оқытушысы қызметіне тағайындауға ұсынылды.
https://15kolledzh.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/129-15-kolledzh-mk-k-na-arnajy-p-n-o-ytushysyn-ta-ajyndau-konkursy-tti.html#sigFreeIdd33f79fb4a













