30.09.2022 ж. Түркістан облысы, Адами әлеуетті дамыту басқармасы, Жетісай ауданы, Асықата кенті, 15 колледж МКҚК Жастар ұйымының төрайымы Нурмаханбетова Индира Багалыевнаның ұйымдастыруымен студенттерімен қосылып, мереке қарсаңында колледжіміздің ұлағатты ұстаздарына ерекше сый құрмет көрсете отырып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Сондай - ақ іс - шара барысында колледж директоры Нурханов Есеналы Сматуллаұлы барлық ұстаздар қауымын мерейлі мерекесімен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі. Жақсы тілектер кезегін директордың ӨОЖЖ орынбасары Айдарбеков Хамит Сатыбалдыұлы жалғастыра отырып, ұстаздар қауымына алғысын айтты. Ұстаздарға деген жылы лебізін білдіргісі келген директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тойжанов Бегжан Махамбетович барша ұстаздарға сәттілік тіледі.
https://15kolledzh.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/127-stazdar-k-ni-tty-bolsyn.html#sigFreeId99d500be88













