№15 колледж МКҚК 2022-2023 оқу жылында талапкерлерді қабылдау жаңа қағидалармен өткізілді. Талапкерлерді оқуға қабылдау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 18 қазандағы №578 бұйрығы және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес ұйымдастырылды. 2022 жылдың 25 маусымнан бастап талапкерлерден мемлекеттік тапсырыс бойынша орындар беру конкурсына өтініштер кабылдау өткізілді. Талапкерлер үш әдіспен: eGov.kz электронды үкімет порталы, SmartNation порталы (college.snation.kz) арқылы және қағаз түрінде өтініш бере алды. 20 маусымнан 29 тамыз аралығында 9-сынып негізінде «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша - 25; «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (түрлері бойынша)» мамандығы бойынша - 50, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық обьектілерінің инженерлік монтаждау және пайдалану (түрлері бойынша)» мамандығы бойынша -25, «Жеміс - көкөніс шаруашылығы (түрлері бойынша)» - 23 талапкер өтініш білдірді.
Сондай-ақ, 11-сынып негізінде 100 талапкер өтініш берді.
«Ауыл шаруашылығын механикаландыру(түрлері бойынша)» мамандығы бойынша - 25, «Тамақты ұйымдастыру» мамандығы бойынша - 50,
«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық обьектілерінің инженерлік монтаждау және пайдалану (түрлері бойынша)» мамандығы бойынша -25 талапкер өтініш білдірді. 2022 жылы тамыздың 31 тамыз күні қабылдау комиссиясы барлық жұмысшы мамандыққа өтініш білдірген талапкерлермен әңгімелесу өткізілді. Нәтижесінде 198 талапкер оқуға қабылданды. Оның ішінде бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар қатарындағы азаматтар -3 , кәмелетке толмаған төрт және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар бар жанұядан- 25 , аз қамтылған отбасынан – 75 талапкер құжаттар өткізді. Колледжге оқуға қабылданғандар мемлекет есебінен тегін оқытылып, үш реттік ыстық тамақпен, стипендиямен, жол жүру ақысымен қамтамасыз етілетін болады.













