Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы
№15 колледж МКҚК 2021-2022 оқу жылындағы
«Таза сессия» акциясының орындалуы туралы мәлімет
2021-2022оқу жылы барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру, білім беру ұйымдарында парасаттылық мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ қызмет әдеп нормаларын сақтау және заңнама бұзушылықтарының алдын алу мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс шаралар өткізу, және мекеменің жылдық “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл” жұмыс жоспары бекітілді.
Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары М.Қарғабайдың келісімімен «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесінің үлгілік кешенді жұмыс жоспар жасалып, колледж директоры бекітті.
Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының менеджері жетекшілігімен Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жоспарына сәйкес №15 колледж, ПАРАСАТТЫЛЫҚ МЕКТЕБІ жобалық кеңсесі жетекшісі Ергешбай Қанатбек бекітілді. Жастар арасында парасаттылық идеологиясын насихаттау және терең сыбайластыққа қарсы білімнің маңыздылығын түсіндіру мақсатында жұмыс жоспары құрылып, 20дан астам білім алушы мүшелікке қабылданды
Жоспарға сәйкес: 9-желтоқсан Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай «Адал ұрпақ-жарқын болашақ» түсіндірме сағаты https://www.facebook.com/100030458834468/posts/671408043884484/?d=n, және «Адалдықды мұра еткен ұлы – Абай » ЭССЕ жазу байқауы, «Адамның ұяты бетінде, адамгершілігі ниетінде» ашық сұхбат жүргізілді https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=710281149997173&id=100030458834468
Сонымен қатар жастар арасында сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру бойынша электрондық және баспа БАҚ мақалалар жарияланды
Білім алушылар мен ата-аналар арасында сыбайлас жемқорлық көріністерінің бар-жоғы және академиялық адалдық қағидаттарын сақтау мәселелері бойынша әлеуметтік зерттеулер (пікіралу, сауалнама) жүргізіліп отырылды.. Онлайн сауалнаманың басты мақсаты: Оқу орнындағы емтиханның ашықтығын қамтамасыз ету мен білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау, алдын алу және ашықтықпен академиялық адалдықты қамтамасыз ету болды.
Мекеме қызметкерлерімен ашық сұқбаттар жүргізіліп, әдістемелік нұсқаулықпен танысу парағы арналды.
«Таза сессия» акциясы аясында кестеге сәйкес мемлекеттік емтихан комиссиясына қоғамдық кеңес төрағалары шақыртылды және емтихан кестесі мен емтихан барысы әлеуметтік желілерге, колледждің арнайы сайтына салынды.
Жоғары және орта-арнайы оқу орындарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау өткізу бойынша ӘДІСТЕМЕЛІК НҰҚСАУЛЫҚты басшылыққа ала отырып, «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесінің жоспары бойынша «№15 колледж»МКҚК-інде 2021-2022 оқу жылының І жарты жылдығы бойынша «Таза сессия» акциясын өткізу бойынша колледж директоры Е.С.Нурхановтың 2021 жылғы 22 желтоқсандағы №110 бұйрығының орындалуы мақсатында бекітілген жұмыс тобының құрамы:
Штаб төрағасы: Б.Тойжанов - директордың ТІЖорынбасары
Штаб жауапты хатшысы: Қ.Ергешбай -«Саналы ұрпақ» кеңсе жетекшісі
Мүшелері: А.Орынбасаров-директордың ОІЖ орынбасары
Б.Абдикаримова-әдіскер
А.Мустаева-педагог-психолог
Ш.Әбубікір- әлеуметтік педагог
М.Әуезов-Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы
И.Нурмаханбетова-жастар ұйымының жетекшісі
Ж.Халилов-Студенттердің өзін-өзі басқару ұйымының президенті
С.Абдужаппарова-студент(саналы ұрпақ белсендісі) бекітілді.
2021-2022 оқу жылында №15колледж Аралық аттесттаттау 20.12-31.12.2021 аралығында жүргізілді. Білім алушыларыдың аралық аттестаттау кестесі алынды , колледждегі аралық аттестаттау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің бар жоғы нақтыланды, білім алушыларға жүйелі түрде түсіндіріліп отырылды. Білім беру ұйымының басшысымен бекітілетін қызметкерлер мен білім алушылардың әдеп кодексі және педагогикалық әдеп қағидалары, мекеменің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты әзірленіп, 1 қабатқа көрнекілік стенділері ілінді.
Акция қорытындысы барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері айқындалған жоқ.
Орындаған: Қ.Ергешбай
87713256664
https://15kolledzh.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/112-2021-2022-o-u-zhylynda-y-taza-sessiya.html#sigFreeId93b5911e24













