"ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР" ЖЫЛЫ АЯСЫНДА ЖҮРГІЗІЛГЕН ҮГІТ - НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жыл "Жұмысшы мамандықтар жылы" деп жариялауына байланысты Жетісай ауданы әкімдігі, аудандық білім бөлімінің келісімімен №15 колледж МКҚК-нің Жұмысшы мамандықтар жылы бойынша атқарылатын іс-шара жоспары бекітілген болатын. Іс-шара жоспарына сәйкес жұмысшы мамандықтардың қоғамдағы мәртебесін көтеру, дәріптеу және жастарды кәсіби білім алуға ынталандыру мақсатында колледж қызметкерлерінен жасақталған мобильдік топтар құрылды. Мобильдік топ алғашқы жұмысын Жылы су ауылдық округінде орналасқан №26 М.Шоқай атындағы ЖББМ-де өткізілді. Ауылдық округте орналасқан №25 ЖББМ, №27 Ә.Жангелдин атындағы ЖББМ, №28 Х.Доспанова атындағы ЖББМ, №29 М.Сейфуллин атындағы ЖББМ, №30 І.Жансүгіров атындағы ЖББМ, №31 М.Әуезов атындағы кәсіби бағдар педагогтарының көмегімен аталған мектептерден 9 және 11 сынып оқушылары іс-шараға қатысып кең көлемде жан-жақты ақпарат алды. Іс шараға жауапты арнайы пән оқытушысы Ж.Садибеков және Қ.Егізбаев жетекшілігімен, ЖББП оқытушы У.Усербаев, арнайы пән оқытушылары М.Жунисов пен Қ.Құлмырзаев, кітапханашы М.Доспанбетова №26 М.Шоқай атындағы ЖББМ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Н.Тобақабылов, сондай-ақ, түрлі салада қызмет етіп жүрген жұмысшы мамандықтың қыр-сырын игерген арнайы пән оқытушылары мамандар даярлау мақсатында үш жақты келісім шартқа отырған ірі әлеуметтік серіктестермен бірге үлкен жұмыстар атқарылуын, сонымен қатар студенттер колледж базасында жүріп теориялық сабақтармен қоса практикалық сабақты қатар алып жүретіндері жайлы ақпарат беріп өтті. Сондай - ақ, өз мамандықтары жайлы оқушылармен ой бөлісті. Баяндамашы Қ.Егізбаев жұмысшы мамандықтары туралы презентациямен таныстырып, келесі кезекте колледж дайындайтын мамандықтар туралы бейнеролик және викториналық сұрақтар дайындап, мектеп оқушылары жауап беріп қана қоймай, көптеген мағлұмат алды. Жиынды қорытындылаған оқытушыларымыз барлық мектеп оқушыларына №15 колледждің 2025-2026 жаңа оқу жылына оқуға шақыруға арналған буклеттерін таратты. Жұмысшы мамандықтары заманауи технологияларды қолдануды талап етеді. Біз бұл мамандықтарды дәріптеу арқылы жастарды жаңа технологияларды меңгеруге, инновациялық шешімдерді табуға ынталандырамыз.