"ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР" ЖЫЛЫ АЯСЫНДА ЖҮРГІЗІЛГЕН КЕЗЕКТІ ҮГІТ - НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ҚЫЗЫЛҚҰМ АУЫЛДЫҚ ӘКІМШІЛІГІНДЕ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жыл "Жұмысшы мамандықтар жылы" деп жариялауына байланысты Жетісай ауданы әкімдігі, аудандық білім бөлімімен бірге №15 колледж МКҚК-нің "Жұмысшы мамандықтар жылы" бойынша атқарылатын іс-шара жоспары бекітілген болатын. Іс-шара жоспарына сәйкес жұмысшы мамандықтардың қоғамдағы мәртебесін көтеру, дәріптеу және жастарды кәсіби білім алуға ынталандыру мақсатында колледж қызметкерлерінен жасақталған мобильдік топтар құрылды. Мобильдік топ жоспарлы жұмысын Қызылқұм ауылдық әкімшілігінде орналасқан №59. Я.Есенбеков атындағы ЖББМ өткізді. Қызылқұм ауылдық әкімшілігінде орналасқан №56.С.Ерубаев атындағы ЖББМ, №57 "Сарыарқа" ЖББМ, №58 М.Нұрбаев ЖББМ, №59 Я.Есенбеков ЖББМ, №60 "Қызылқұм" ЖББМ-нің кәсіби бағдар педагогтарының көмегімен аталған мектептерден 9 және 11 сынып оқушылары мен мектептің кісіптік бағдар беру педагогтары іс-шараға қатысып, кең көлемде жан-жақты ақпарат алды. Іс - шараны өткізу - жауапты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Г. Байгунакова, тарих пәнінің оқытушысы Д.Серікбаеваға жүктелді. №59. Я. Есенбеков атындағы ЖББМ директоры Меңдіқұлов Нурмаханбет жұмысшы мамандықтар жылы жайлы сөз қозғап, кәсіби мамандықтың қыр-сырын туралы оқушылармен ой бөлісті. Баяндамашы Г. Байгунакова "Мамандығым - мақтанышым" тақырыбында жұмысшы мамандықтары туралы баяндама оқыды. Сондай-ақ, тарих пәнінің оқытушысы Д.Серікбаева презентациямен таныстырып, кәсіби маман дайындайтын мамандықтар туралы бейнероликтер көрсетті. Математика пәнінің оқытушысы Е.Махамбетова "Мен қандай мамандық таңдаймын?" тақырыбы аясында дайындаған қызықты сұрақтар қойып, ойындар арқылы оқушылардың мамандыққа деген қызығушылықтарынан қанағаттарлықтай деген жауап алды. Жиын соңында мектеп оқушыларына №15 колледждің 2025-2026 жаңа оқу жылына оқуға шақыруға арналған буклеттер таратылды. Жұмысшы мамандықтары заманауи технологияларды қолдануды талап етеді. Біз бұл мамандықтарды дәріптеу арқылы жастарды жаңа технологияларды меңгеруге шақырамыз!!!













