Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жыл "Жұмысшы мамандықтар жылы" деп жариялауына байланысты Жетісай ауданы әкімдігі, аудандық білім бөлімі, аудандық Мансап орталығы және Атамекен ҰКП аудандық филиалының келісімімен №15 колледж МКҚК-нің Жұмысшы мамандықтар жылы бойынша атқарылатын іс-шара жоспары бекітілген болатын. Іс-шара жоспарына сәйкес жұмысшы мамандықтардың қоғамдағы мәртебесін көтеру, дәріптеу және жастарды кәсіби білім алуға ынталандыру мақсатында колледж қызметкерлерінен жасақталған мобильдік топтар құрылды. Мобильдік топ жоспарлы жұмысын Жетісай қаласында орналасқан орналасқан Бауыржан Момышұлы мектеп гимназиясында өткізді. Жетісай қаласында орналасқан М.Горький атындағы №1 МГ, Ш.Уалиханов атындағы №2, Ю.Гагарин атындағы №3 ЖББМ, Абай атындағы №4 МГ, №7 "Тұран" МГ, Алпамыс батыр атындағы №8 ЖББМ, Д.Қонаев атындағы №9 ЖББМ-нің кәсіби бағдар педагогтарының көмегімен аталған мектептерден 9 және 11 сынып оқушылары мен мектептің кісіптік бағдар беру педагогтары іс-шараға қатысып, кең көлемде жан-жақты ақпарат алды. Іс шараға Жетісай аудандық Білім бөлімінің маманы Ғ.Әбілқайыр, колледжден жауапты арнайы пән оқытушысы И.Жунисовамен бірге Бауыржан Момышұлы МГ директоры Ш.Нұрбеков және түрлі салада қызмет етіп жүрген жұмысшы мамандықтың қыр-сырын игерген А.Шинтуреева, Ә.Жанқазы, Х.Шерхан, А.Биқозиев, Ә.Қонысбек сынды азаматтар мен азаматшалар қатысып өз мамандықтары туралы оқушылармен ой бөлісті. Баяндамашы Ж.Турлыбекова жұмысшы мамандықтары туралы презентациямен таныстырып, келесі кезекте колледж дайындайтын мамандықтар туралы бейнероликтер көрсетілді. Оқытушы Н.Сермаңызова дайындаған қызықты сұрақтарға мектеп оқушылары көптеген мағлұмат алды. Жиынды қорытындылаған арнайы пән оқытушысы А.Намазбай барлық мектеп оқушыларына №15 колледждің 2025-2026 жаңа оқу жылына оқуға шақыруға арналған буклеттерін таратты. Жұмысшы мамандықтары заманауи технологияларды қолдануды талап етеді. Біз бұл мамандықтарды дәріптеу арқылы жастарды жаңа технологияларды меңгеруге, инновациялық шешімдерді табуға ынталандырамыз.













