Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылды "Жұмысшы мамандықтар жылы" деп жариялауына байланысты Жетісай ауданы әкімдігі, аудандық білім бөлімі, аудандық Мансап орталығы және "Атамекен" ҰКП аудандық филиалының келісімімен №15 колледж МКҚК-нің Жұмысшы мамандықтар жылы бойынша атқарылатын іс-шаралар жоспары бекітілді..


Іс-шаралар жоспарына сәйкес, жұмысшы мамандықтарының қоғамдағы мәртебесін көтеру, дәріптеу және жастарды кәсіби білім алуға ынталандыру мақсатында колледж қызметкерлерінен жасақталған мобильді топтар құрылды. Мобильді топ алғашқы жұмысын Ж.Ералиев ауылдық округінде орналасқан Арай ауылындағы №50 Р.Қошқарбаев атындағы ЖББМ-де өткізді. Ауылдық округте орналасқан №49 Сырдария ЖББМ, №52 С.Сейфуллин ЖББМ, №51 Дәуір ЖББМ, №46 Ә.Қастеев ЖББМ, №47 М.Мақатаев ЖББМ және №48 Қ.И.Сәтбаев ЖББМ-нің кәсіби бағдар беру педагогтарының көмегімен аталған мектептердің 9 және 11-сынып оқушылары іс-шараға қатысып, жан-жақты ақпарат алды.


Іс-шараға жауапты колледж директорының ОТІЖ жөніндегі орынбасары Б.Тойжанов, математика пәнінің оқытушысы Е.Маханбетова, Р.Қошқарбаев мектебінің директоры А.Алшынбекова және түрлі салада қызмет етіп жүрген жұмысшы мамандықтарының қыр-сырын игерген Қ.Жүнісов, Б.Бәкішов, Н.Шынтуреев, Е.Төлепов сынды азаматтар қатысып, өз мамандықтары туралы оқушылармен ой бөлісті.


Баяндамашы Б.Тойжанов жұмысшы мамандықтары туралы презентациямен таныстырып, кейін колледж дайындайтын мамандықтар туралы бейнероликтер көрсетілді. Оқытушы Е.Маханбетова дайындаған қызықты сұрақтар арқылы мектеп оқушылары көптеген мағлұмат алды. Жиынды қорытындылаған арнайы пән оқытушысы Б.Нұрмаханбетов барлық мектеп оқушыларына №15 колледждің 2025-2026 жаңа оқу жылына арналған оқуға шақыру буклеттерін таратты.


Жұмысшы мамандықтары заманауи технологияларды қолдануды талап етеді. Біз бұл мамандықтарды дәріптеу арқылы жастарды жаңа технологияларды меңгеруге, инновациялық шешімдерді табуға ынталандырамыз.


#oquagarty
#Talap
#ЖұмысшыЖылы2025