23.10.2024 ж. №15 колледж МКҚК арнайы тігінші мамандығының оқытушылары Т.Жунисова мен А.Арапбаеваның жетекшілігімен колледжішілік білім алушылары арасында "Үздік тігінші - 2024" байқауы ұйымдастырылды.
Сайысқа АрТ 24-97 топ білім алушылары Төлепова Сабина, Туримбетова Динара және АрТ 24-98 топ білім алушылары Тұрғанбек Аяжан, Бәкір Ақбөпе қатысты.
Сайыс барысында қатысушылар өздерінің шығармашылық әлеуетін, шеберліктерін және инновациялық ойларын көрсете білді.
Әр білім алушының жасаған жұмысы ерекше көзге түсіп, тігін өнерінің барлық қыры ашылды.
Түрлі киім үлгілері мен ерекше қолөнер туындылары сайыстың көркін келтірді.
Қатысушыларға білікті ұстаздар Г. Тилеубекова, А.Тұрсынбай және директордың ОӨЖЖ орынбасары С.Сатыбалдиев, бөлім меңгерушісі М.Ауезов және кәсіби мамандар Н. Қалымбетова, А. Джумабекова кәсіпкерлеріміз төрешілік етіп, олардың еңбегін әділ бағалады.
Атаулы сайыс тігінші мамандығының маңыздылығын арттырып қана қоймай, білім алушылардың болашақтағы шеберлігін шыңдауға тамаша мүмкіндік болды.
Сайыстың қорытындысы шеберлік пен өнердің тамаша үндестігі болды.
Сондай-ақ, сайыс өз нәтижесін беріп, үздік деп танылған білім алушылар директордың алғыс хатымен марапатталды.
Сайысқа қатысқан барша білім алушыларға шексіз алғысымызды білдіреміз. Талаптарыңыз таудай болсын!!!