№15 колледж МКҚК тәрбиешілері Д.Ширкитбаева мен Б.Жұмат 2024-2025 оқу жылындағы Республика күніне орай “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында колледж білімалушыларымен “Зорлық - зомбылықсыз әлем” атты ашық тренинг-сабақ өтілді. Сабақ барысында тәрбиешілер мен білімалушылар арасында біртұтас команда моделін қалыптастырып, білімалушылар арасында жағымды әлеуметтік-психологиялық климат құра білді. Мақсаты: Жасөспірімдер арасындағы зорлық- зомбылық мәселелерін талқылау, өз-өзіне баға беруге тәрбиелеу, сенімді мінез құлықты дамыту.