Біртұтас тәрбие бағдарламасының аясында №15 колледжде «Әдептілік - тәрбие бастауы, білімді ұрпақ - жарқын болашақ» тақырыбында он күндік іс - шараның ашылу салтанаты болып өтті. Мақсаты: Білім алушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке, еңбексүйгіштікке, өз халқының салт-дәстүрін үйрене отырып, жаман әдеттен аулақ болуға тәрбиелеу. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру. Әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.













