Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында, "Жан жылуы" еріктілер клубының жетекшісі Маханбетова Эльмира Мыктыбековна 1 қазан - Халықаралық қарттар күніне орай, колледж білім алушыларымен бірге Асықата кентінің тұрғыны - ІІ топтағы мүгедек, жалғыз басты ана - Амирханова Алма Алиайдаровна және І топтағы мүгедек, бір бойында бірнеше диагнозды жалғыз ұлы Амирханов Тұрланға көмек көрсетілді. Қарт анамызға көмек көрсету барысында ерікті білім алушыларымыз ауласын түрлі қоқыстардан тазалап, арам шөптерін жұлып, айналасын сыпырып, тазалық жұмыстарын жүргізіп қайтты. Алма анамыз ерікті білім алушыларымызға ризашылығын білдіріп, алғыс айтып, батасын берді.

Мақсаты: Қарт аналарымызды құрметтеп, оларға қолдау көрсетіп, тәжірибесі мен даналығын бағалау.