08.10.2024 ж. «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» құзыреттілігі бойынша білім алушылар арасында колледжішілік «Үздік механизатор» кәсіби шеберлік байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты: теория мен тәжірибені ұштастыра отырып, кәсіптік құзіреттіліктерді нығайту, болашақ мамандардың шығармашылық ізденісін және қабілеттерін дамыту, біліктілікті арттыру, облыстық колледждер арасында өтетін «Үздік механизатор - 2025» байқауына қатысушыны анықтау.
Байқауға «Тракторшы - машинист» біліктілігі бойынша ІІ, ІІІ курс білім алушылары: Мүтәлі Нұрислам, Ишмуратов Ринат, Артықмұратов Шохрух, Зұлпыхар Нұрман, Утелиев Нұрсұлтан, Серикбай Аманжол қатысты.
Байқаудың тәуелсіз сарапшылары: Б.Момбеков, П.Муратов, директордың ОӨЖЖ орынбасары С.Сатыбалдиев, арнайы пән оқытушылары А.Намазбай, Қ.Құлмырзаев төрешілік етті.
Байқау 3 модульдік тапсырма негізінде өтті:
- 1-модуль: Қатысушылар МТЗ 82.1 тракторымен берілген уақытта арнайы алаңда түрлі жол белгілерімен және жол кедергілерін жүріп өтуді жолда жүру ережелерін сақтай отырып орындады.
- 2-модуль: Қатысушылар МТЗ 82.1 тракторын арнайы қақпаға артқы жүріспен кіргізуді орындады.
- 3-модуль: Қатысушылар аспалы соқаны тракторға тіркеп, жер жырту жұмыстарын орындады.
Барлық қатысушылардың тапсырмаларын саралай келе, сарапшылар комиссиясының қорытындысы бойынша білім алушы Ишмуратов Ринат өзінің шеберлігімен шыңдалып, жеңіске жетті. Жеңіске жеткен білім алушыны директордың алғыс хатымен марапаттап, арнайы диплом берілді.













