Түркістан облысының білім басқармасының бірыңғай конкурстық комиссиясының 2024 жылғы 02.10.2024 жылғы №10 қорытынды хаттамалық шешіміне сәйкес, Нурханов Есеналы Сматуллаевич Түркістан облысының білім басқармасының №15 колледж МКҚК басшысы лауазымына тағайындалды.
Түркістан облысы білім басқармасының өкілі ретінде Жетісай ауданының білім бөлімінің уақытша міндетін атқарушысы Ш.Адайбеков колледж ұжымына ресми басшысын таныстырып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
Білім саласына қосар елеулі үлесіңіз арта берсін!














