15 колледж МКҚК "Жалпы білім беретін пәндер" бірлестігінің жоспары бойынша, Д.Серікбаева және И.Нурмаханбетованың ұйымдастыруымен "Ақылды қария - ағып жатқан дария" атты ашық тәрбие сағаты өткізілді. Іс - шараға 15 колледжде бұрын қызмет еткен, бүгінде зейнет жасындағы қарияларымызды шақырып, ерекше құрмет көрсетілді. Мерекелік іс-шараны колледжіміздің оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Орынбасаров өзінің құттықтауымен ашып берді. Сондай - ақ, келген барша қарияларымызға колледжіміздің директоры Е.Нурхановтың атынан жазылған алғыс хаттармен марапаттап, естелікке сыйлықтар берілді. Келген қарияларымызға колледж білім алушылары өздерінің өнерлерін ортаға салып ән айтып, би билеп, көтеріңкі көңіл күймен ерекше құрмет көрсетілді. Мақсаты:Жас жеткіншектердің бойына үлкенді сыйлап тыңдай білуге, халқының салт - дәстүрінен нәр алуға, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу.













