Қазақстан Республикасындағы Еңбек күніне орай, "Менің жетістігім-менің нәтижем" тақырыбында колледжімізде 25 қыркүйек күні студенттер арасында тартысты дебат турнирі өтті. Дебат турнирінің мақсаты: Қазақстан Республикасындағы еңбектің маңыздылығы туралы хабардарлықты арттыру, еңбек адамының құқықтарын талқылау, білім беру жүйесінде кәсіби бағдарлау жұмыстарын жандандыру. Дебат-ұрыс алаңы емес, нақты тақырып аясында арнайы ережелер негізінде ой жарыстыру. Сондай-ақ үздік баяндама, ерекше идеялар мен талқылауға қосқан үлестері үшін қатысушылар марапатталды.